BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2025 жылы Еуразиялық одақта ортақ қаржы нарығы құрылады

Фото: Atameken Business Channel

Бүгін Астанада Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай қызмет көрсету нарығын дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Одаққа мүше елдердің өкілдері бейнеконференция арқылы байланысқа шықты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Коллегия мүшесі (министр) Тимур Жақсылықов одақтың бірыңғай қызмет көрсету нарығы жайлы баяндап берді.

«Бүгін өзекті мәселе қарастырылып отыр. Себебі, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық елдерде қызмет көрсету саласы ішкі жалпы өнімге үлкен үлес қосып отыр. Кейбір елдерде бұл үлес 55% құрайды, ал кейбіреуінде 60%-ға жуықтайды. 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құрылған сәттен бастап қызмет көрсетудің 43 секторы ортақ нарық жағдайына өтті. 14 мамырда Сочиде өткен соңғы саммитте мемлекет басшыларының кездесуінен кейін 9 қызмет саласы біраңғай нарыққа енді. Кейіннен тағы 9 қызмет секторын 2020 жылға дейін ортақ нарыққа қосамыз. Қазір бірыңғай нарықта қызметтердің 50%-ы бар. Енді бұл үлес жаңа қызмет көрсету салаларын ортақ нарыққа қосу арқылы артып отыратын болады», - деді Жақсылықов журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерге қосымша лицензия алып, өз елінде өткен рұқсат беру рәсімдерін тағы бір мәрте жасап керек емес.

«Қызмет көрсету саласында істейтін компаниялар үшін ортақ нарық жағдайы өзінің тұтынушылар нарығын ұлғайтуға мүмкіндік береді деген пікірдеміз. Себебі, нарық өте үлкен және әр алуан. Мәселен, қаржы, көлік, аналитика қызметтері сияқты ірі салалар мен жарнама, туризм, консалтинг секілді кішігірім секторлар бар. Біздің мақсатымыз - осы нақты нарықтарға тең жағдайда қол жеткізу», - деді Т.Жақсылықов.

Сондай-ақ, сөз соңында Жақсылықов ЕАЭО аясында қаржы қызметтерінің ортақ нарығын құруға дайындық жүріп жатқанын айтты.

«Біз дайындықты мемлекет басшыларының тапсырмасымен жүргізіп жатырмыз. Тапсырмаға сай, ортақ қаржы нарығы 2025 жылға қарай құрылуы тиіс. Қазіргі таңда барлық елдердің ұлттық және орталық банктері, үкіметтері мен комиссиялары ортақ қаржы нарығын құрудың тұжырымдамасына белсенді түрде кіріскен. Тұжырымдаманы аяқтап, таныстыру үшін тағы бірнеше өзекті мәселені егжей-тегжей талқылап, шешу қалды. Солардың нәтижесінде ортақ қаржы нарығына өту бойынша нақты міндеттемелер мен шаралар бекітілген, кезең-кезеңмен жүзеге асатын жоспар әзірленеді», - деп түйіндеді Тимур Жақсылықов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер