BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2020 жылы ЕАЭО елдерінде жаппай халық санағы жүргізілуі мүмкін

 Астана. 22 қазан. Baq.kz – 2020 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жаппай халық санағы жүргізілуі мүмкін деп хабарлайды БЕЛТА Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ЕЭК-ның алқа жиынына қатысқан мүше мемлекеттер өкілдері осындай шешімге келген.

"Отырысқа қатысушылар ЕЭК Кеңесінің 2020 жылы ЕАЭО елдерінде халық санағын жүргізуге дайындау үшін комиссия құру туралы шешімін мақұлдады. Жоспар статистика құзырлы органдардың өзара тиімді байланыс орнатуына негізделген. Дегенмен, бұл ЕЭК мүше мемлекеттер үкіметінің қызметін алмастырады деген сөз емес. Мүше мемлекеттердің үкіметтері халық санағын дәл қай күні және қалай өткізетінін өзі шешеді. Ал, санақтың құжаттары мемлекеттік статистика саласындағы құзырлы органдармен бекітіліп, мемлекеттік заңнамаларға толықтай сәйкестендіріледі" делінген комиссияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер