BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 376.73 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 427.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.75
Астана:

1 қыркүйектен бастап жеңіл көліктер үшін баж салығы төмендейді – ЕАЭО

1 қыркүйектен бастап Кеден одағының нарығына сырттан әкелінетін автокөліктер үшін баж салығының жарнасы төмендейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еуразия экономикалық комиссиясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, 1 қыркүйектен бастап жаңа көлікті әкелу үшін оның кедендік құнынан 17% жарна төлеу міндеттеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұқсас баж салығы 23% құраған еді. 5-7 жылдан астам қолданыста болған көліктерді әкелу үшін баж салығының құны 22% болады.

Келесі жылы көліктерді сырттан әкелуге салынатын баж салығының жарнасы 15% дейін төмендеуі мүмкін.

Салықтың жаңа жарналары ЕАЭО аумағына түгел тарайды.

ЕАЭО Кеңесінің шешіміне сәйкес, көлік бажынан басқа өзге де тауарлардың 95-тен астам түріне салынатын тарифтердің құны төмендейтін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер