Сақтар қай тілде сөйлеген? - Деректер|01 Қаңтар 2013, 00:00
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сақтар қай тілде сөйлеген?

Астана. 9 қазан. Baq.kz – Бүгін «Қазмедиа орталығында» «Хакасия мен Алтайдың петроглифтеріндегі түркі іздері» тақырыбына арналған баспасөз мәслихатында бұл сұраққа белгілі ғалым Зейнолла Самашев жауап берді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- «Сақтардың түркі тілінде сөйлегені мәлім болып отыр. Бұл арада талас көп болғаны анық. Тіпті, еуропалық сақтар да түркі тілдерінде сөйлеген. Біздің бұл сөзімізді АҚШ ғалымдары растады. Ғалымдар азиялық және еуропалық сақтардың генетикасын зерттеді. Нәтижесінде сақтар еуропалық және азиялық тобы да түркі тілінде сөйлегенін анықтады. Генетика ең дәл ғылым. Бұл ғылымның шатасуы мүмкін емес», - деді ғалым З.Самашев.
Естеріңізге сала кетейік, сақтар — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер