BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шағын жəне орта бизнестің 41 пайызы əйелдердің қолында

Бұл туралы бүгін 11 қарашада «Атамекен» Ұлттық кəсіпкерлер палатасының Іскер əйелдер кеңесі мен Ресей Федерациясы «Союз женских сил» ақпараттық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі қоғамының ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында мəлім болды. Қазақстен мен Ресейдің іскер əйелдері арасындағы байланысты нығайту мəселесі туралы бастама қазан айында өткен бизнес форумның аясындағы Іскерлік кеңесте көтерілген. Екі ел арасындағы байланысты тікелей тартылған инвестициялардың өзі айқын көрсетеді. 2005-2015 жылдар аралығында Ресей Қазақстанға 9 млрд доллардан астан қаржы құйған, ал Қазақстан 3 млрд доллардан астам инвестиция салған. Екіжақты тауар алмасу жылдан жылға артып келеді. Оның ішінде бизнеспен айналысатын əйелдердің де үлесі айтарлықтай. Бүгін қол қойылған меморандум Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің іскер əйелдерінің ынтымақтастығын арттыруға септігін тигізбек. «Бүгінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімін қалыптастырудағы əйелдердің үлесі 40 пайызға жуықтайды. Шағын жəне орта бизнес субъектілерінің 41,5 пайызын əйелдер басқарады. 2016 жылдың 1 қаңтарында олардың саны 700 мыңға жуықтап, 2015 жылмен салыстырғанда 70 мыңға артты. Дəл осы жандар 794,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз ете алды. Бұл дегеніміз, Қазақстанның шағын жəне орта бизнестегі жұмыс орындарының 30 пайызы», – деп атап өтті «Атамекен» іскер əйелдер кеңесінің төрайымы Лəззат Рамазанова Оның айтуынша Кеңес қызметіндегі бағыттардың бір тарабы сындарлы сұхбат орнату болып отыр. Бұл жерде қазақстандық жəне шетелдік əйел кəсіпкерлердің экономикалық жəне мəдени салада жемісті тəжірибе алмасуы да көзделуде. Осыған байланысты Ресей тарапымен меморандумға қол қою арқылы əйелдер кəсіпкерлігін дамыту тұрғысындағы ынтымақтастықты нығайту жұмыстары жалғасын таба бермек. Өз кезегінде, ресейлік мейман Ресей мен Қазақстанның іскерлік нəзік жандар ұйымдарының күш біріктіруі ортақ бағдарламалар жасауда біртұтас бизнес алаңын құруға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Əйелдер ұжымдасып көп мəселелерді оңай, жеңіл жəне аса жауапкершілікпен шеше алады. Біздің одақтың мақсаты Еуразия кеңістігіндегі барлық əйелдер ұйымын біріктіріп, мемлекетаралық қатынастарды нығайту», – деді «Союз женских сил» ақпарат агенттігі» жауапкершілігі шектеулі қоғамының бас директоры Наталья Урмацких.

Əлия Кемелбекова


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер