Сапалы медицина - саламатты ұрпақ - Денсаулық|01 Қыркүйек 2016, 19:13
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Сапалы медицина - саламатты ұрпақ

Ана мен бала денсаупығы бүгінде бей- жай қарауға болмайтын, қатаң қадағалау мен үнемі бақылауды қажет ететін күрделі мэселеге айналып отыр. Бүл жауапкершілік ен бірінші ата-ананың өз қолында болса, одан кейін адам өмірінің арашашысы болып жүрген абзал жандардың қолында екендігін жақсы білеміз. Өмірге келген баланың толыққанды сау-саламатты болып өсіп- жетілуіне, уақытылы егу мен емдеу шараларын алуға, жалпы айтқанда денсаулық саласының баспалдағымен қауіпсіз әрі сенімді қоғамның қатарына қосылуына бірден-бір ықпал ететін жергілікті денсаулық сақгау саласы. Адам өмірінің қауіпсіздігі мүмкіндігінше қамтамасыз етілетін дәл осы сала жіті назарда үсталып, мемлекет тарапынан материалдық қолдау да, демеу де жоғарғы дэрежеде орын алып келеді.

Сондай қолдаулардың бірі біздің ауданымыздың денсаулық саласында жиі көрініс беріп келеді. Ата Заңымыздың мерейлі мерекесі қарсаңында аудандық орталық аурухананың аумағынан оқшауланьш ашылған балалар кеңесі бөлімі осының бір дәлелі десек болады. Толықтай күрделі жөндеуден өткен балалар бөлімінің ғимараты аптаның басында салтанатты түрде ашылды. Аудан әкімі Алимжан Тохтасунов, облыстық мәслихат депутаты Ызғарбек Бектұрсынов, аудандық мәслихат, «Нұр Отан» партиясы, аудан әкімінің орынбасарлары, ақсақалдар және мекеме басшылары айрықша қуанышқа толықтай атсалысты. Шараның алғашқы сөзі аудан әкіміне берілді. Өңір басшысы өз сөзінде ең бірінші алғысымыз көрегенділігімен көш бастап, ерен еңбегімен ел бастап келе жатқан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа болуы керек. «Ұрпағымыз келешекте дамыған елдердің балаларымен бір дәрежеде білім алып, халқымыз озық елдердің қатарымен сапалы медициналық қызмет алсын деп, мемлекетіміз гүлденген елдермен иық теңестіріп тұрсын деп, бар ғұмырын тынымсыз еңбекке арнап келеді» деп Елбасымыздың саясатын ерекше бағалап өтті.

Барша ақ халатты абзал жандарды мерекелі күндерімен құттықтап, осындай мүмкіндіктер жасалып жатқанда тек қана аянбай еңбек ету керектігін ескерте өтті аудан әкімі. Одан кейінгі сөз кезегі ауданымызда осындай ізгі істердің орын алуына ықпал етіп, халықтың көкейіндегі сауалдарын билікке арқалап жеткізіп жүрген облыстық мәслихат депутаты Ызғарбек Бектүрсынүлына үсынылды. Ауданымызда осындай тың өзгерістер орын алып жатқандығына ерекше қуанышты екендігін білдіріп, оның ішінде халықтың саулығы және ең маңыздысы баланың өмір қауіпсіздігі мен саламатты болашағы үшін жасалып жатқан мынадай ізгілікке Елбасымыздың өлшеусіз еңбегімен жеткен Тәуелсіздігіміздің теңдессіз тартуы деп білгеніміз абзал екендігін айқындай өтті.

Ерекше қуанышқа кенеліп жатқан аудандық орталық аурухананың балалар бөлімі дәрігерлері арасынан жас маман Ақжолбаева Фариза сөз алып, жүмыстарына жасалып жатқан жеңілдік пен үлкен мүмкіндікке ерекше ризашылықтарын жеткізіп, облыстық мәслихат депутаты Ызғарбек Бектұрсынұлына, аудан әкімі Алимжан Тохтасуновқа барша медиңина қызметкерлері атынан алғысын жаудырды. Сонымен қатар Елбасымыздың маңызды құжаттары мен саясатын назарға ала отырып, халыққа адал әрі сапалы қызмет ететіндіктеріне сендірді аға буынды. Қуаныштың көркін аудандық өнер қызметкерлерінің әуезді әндері мен әсерлі билері кыздырды. Ауданымыздың ақсақалдары мен халық қалаулысы аға буын өкілдері аудан басшыларымен қоса ашылу салтанатының лента қию рәсімін орындап, жаңа да заманауи ғимаратты аралап, танысып шықгы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер