Ине ұшындағы гұмыр - Денсаулық|15 Қыркүйек 2016, 16:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ине ұшындағы гұмыр

Фото: tvernews.ru

Адам денсаулығына кері әсерін тигізетін әрі сананы улайтын жат әдет нашақорлықпен күрес елімізде жылдан-жылға күшейіп келеді. Бұл дертпен күрес жүргізуде СПИД орталықтары мамандарының да еңбегін еш кетіруге болмайды. Он екі жылдан бері ОҚО СПИД орталығында Сенім бекеті жұмыс істеп келеді. Мұнда арнайы бір дәрігер мен бір медбике жұмыс істейді. Олардың негізгі қызметі – еріктілермен жұмыс жасау. Олар кімдер? Еріктілер өздеріне қажетті шприцтерді алып кетіп тұратын тұрақты есірткі тұтынушылар. Аты-жөндері айтылмағанымен оларға әріптен және саннан тұратын ононимді код беріледі. Әрқайсысының дербес коды бар волентерларды СПИД орталығы өз орталарында АИТВ қаупі туралы түсіндіруге және нашақорларға бір реттік шприцтер үлестіруге жұмсайды. Өйткені есірткіқұмарлар дәрігерлерден, немесе басқа да бөтен адамдардың қолдарынан өздеріне қажетті бұйымдарды ала бермейді. Тіпті төбе көрсетпеуі де мүмкін. Әр келген сайын олар қолданғандарын әкеліп өткізіп, жаңасын алып тұрады. Жылына екі рет қан алу арқылы АИТВ тексерісінен өтеді. Бүгінде 9 жарым мыңнан астам нашақордың 1905-і тексеруден өткен.

2004 жылы БҰҰ аясында ашылған ЖИТС, ВИЧ, туберулез және безгекке қарсы күрес ғаламдық қорының есебінен Қазақстанда да шприцтер тегін таратылған екен. Кейіннен «Саламатты Қазақстан» мелекеттік бағдарламасына енгізіліп, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізіле бастапты.

Өкінішке қарай, нашақорлардың арасында өздігінен, дәрігерлердің көмегінсіз ине егуден құтылып кететіндері жоқтың қасы. Инеге жоламай жүргендерінің өздері де арада белгілі бір уақыт өткен соң қайта жаман әдетіне басады екен. Өйткені иньекциялық тәсіл адамдарды есірткіге қатты тәуелділікке апарады. Алайда нашақорлыққа және СПИД-ке қарсы өткізіліп жатқан түрлі іс-шаралардың нәтижесінде облыста есірткі тұтынушылардың АИТВ таратушы үлесі 90 пайыздан 13,4-ке дейін кеміген.

rgmedia.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер