BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Буыныңызға бекем болыңыз

Фото: www.infmedserv.ru

Бүгінде аурудың түрі көп. Солардың бірі – буын сырқаты. Қазіргі кезде арамызда белін қозағалта алмай, аяғын басу мұң болып жүрген жандар кездеседі. Əсіресе, ол жастарды өз құрығына түсіруде. Бұл дерт адам бойында бірден пайда болмасы анық. Мамандардың айтуынша, буын сырқаты бүкіл аурудың алдын орап, алдыңғы қатарға енген.

Оның соңы мүгедектікке əкеп соқтыруы мүмкін. Мұның ең қауіптісі де осы. Бұрын тек 50-ден асқандар ғана ауырса, қазір жаңа туылған сəбиде де пайда болуда. Өйткені, бұл тұқымқуалайтын көрінеді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп ата- бабамыз бекер айтпаса керек. Мəселен, бізде көбісі дəрігерге өз еркімен көрінбейді. Ауру жанына батқанда немесе төсек тартып жатқанда ғана ақ халаттылар еске түседі. Соңғы жылдары басының көп ауыратынын, аяғы сырқырап бастырмай жүргенін айтып шағымданатындар қа- тары көп. Алайда, оған жіті мəн берілмейді. Уақытылы емделмейді. Соның салда- ры оның асқынуына əкеп соқтырады.

Бүгінде ревматоидты артриттен, остеоартроздан көп- теген адам зардап шегіп отыр. Бұл сырқатты жан-жақты тексеріп, буынды ренгенге түсіру арқылы анықтайды. Ол ағзадағы зат алмасу процесі бұзылғаннан, қатты соққыдан жарақат алғаннан, салқын тигеннен, экологиядан пайда болады. Сондай-ақ, қозғалыстың аздығы да кері əсерін беруде. Өйткені, қазір жастар көбіне спортпен шұғылданбайды. Оған қоса екінің бірі темекі шегіп, алкогольді ішімдікке əуес. Осы нəрселер буын ауруларына тікелей себепші. Жалпы, салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану, қимыл-қозғалыстың ауқымын кеңейту аурудың алдын алады.

Біздің өңірде бұл сала енді дамып келе жатыр. Мұндағы ревматолог дəрігерлер саны аз. Дегенмен, оларға деген сұраныс жоғары. Жыл сайын науқастың артуына байланысты аталмыш салаға басымдық танытуда. Осы орайда, қалалық ауруханада ревматология орталығы 5 жыл- дан бері жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, былтырдан бастап аталмыш орталық қаладағы №1 емханада ашылды. Бүгінде бұл бөлімшелер науқастарды жан- жақты тексеріп, емделушілерге сапалы қызмет көрсетуде. Асқынудың алдын алу үшін жұмыла жұмыс істеуде. – Ревмотологиялық аурулар созылмалы дерт саналады.

Ал, біздің басты міндетіміз – науқасты мүгедектікке ұшыратпай, сол дертті дер кезінде анықтап, ем-дом көр сету. Қазіргі кезде аурудың бұл түрін тек дəрі-дəрмекпен емес, реабилитациялық жолмен де емдеу қолға алынды. Осы мақсатта орталықтар жаңа аппараттармен толықтырылды. Аурудың алғашқы сатысында адам ең алдымен терапевтке қаралып, содан кейін №1 емханадағы орталықтан тексеруден өтеді. Бүгінде науқастар дер кезінде қаралмай, уақыттарын өткізіп алады. Оның белгісі байқалғанда өз бетінше ем жасап, дəрілерді пайдаланып қана жүруге болмайды. Буыны сырқыраған əрбір науқас рев- матолог дəрігерге қаралғаны жөн. Біздің ауруханада осы ауру мен жылына 1000-нан аса адам емделеді. Дерттің пайда болу себебі əртүрлі. Сондықтан əрбір адам өз денсаулығына бей-жай қарамағаны жөн, – дейді қалалық аурухананың ревмотолог дəрігері Еркебұлан Мақсұтұлы. «Ең бірінші байлық – денсаулық». Сондықтан əрбір адам денсаулықтың қадіріне жете білу керек. Уақытылы тамақтанып, жылы киініп, зиян- ды нəрселерден аулақ болған абзал.

Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер