Буын ауруын емдеудің заманауи тəсілдері - Денсаулық|21 Қазан 2016, 13:53
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Буын ауруын емдеудің заманауи тəсілдері

Буын ауруын емдеудің заманауи тəсілдеріРевматологиялық аурулар созылмалы дерт саналады. Тармақтары бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Сондықтан ем жүргізгенде тек буынды ғана емес, ағзаның өзге де мүшелерін емдеу қажет етіледі. Ревматологияның тұтастай медицинаны қамтитын сала екендігі де осыдан. Жалпы, Қазақстанда 200 мыңға жуық адам буын ауруының зардабын тартып келеді екен. Ал əлем халқының 2 миллионы осы дерт бойынша арнайы тізімге алынған. Бұрын бұл дерттің құрсауына 50-ді еңсеріп, 60-қа аяқ басқандар шалдығатын болса, бүгінде 15 жастағы жеткіншектің де буыны ауырады. Бүгінде республикамызда ревматология саласы қарқынды дамып келеді. Бұған елімізге шет елден арнайы профессорлардың келіп ревматолог дəрігерлердің біліктілігін арттырып жатқандығы дəлел. Ревматолог дəрігерлердің біліктілігін арттыру жұмысы биыл да жалғасын табуда. Қызылорда қалалық ауруханасында «Қазақ ревматология алқасы» қоғамдық бірлестігі жəне «Asyl Сlinic» біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен «Ревматоидты артрит жəне остеопароз ауруларында емдеудің жəне диагностикалық зерттеудің жаңа заманауи тəсілдері» тақырыбындағы облыстық семинар соның бір парасы. Екі күнге созылған семинарға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан жəне Қызылорда қалалық №1, 2, 3, 4, 5, 6 емхана, «Сенім», Теміржол емханасы, Жедел жəрдем стансасы, облыстық медицина орталығы, облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы жəне қалалық ауруханадан барлығы 65 маман қатысты. Осы аралықта дəрігерлерге профессор Ғалымжан Тоғызбаев, «Қазақ ревматология алқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шоқан Баймұхамедов, Ресейдегі В.А.Насонов атындағы ғылыми-зерттеу орталығының сəулелі диагностика зертханасының меңгерушісі Александр Смирнов түрлі тақырыпта дəріс оқыды. Семинар соңында қатысушы мамандарға арнайы сертификат табысталды.

Барлыбек БАТЫР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер