АҒЗАЛАРДЫ АЛМАСТЫРУ ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ - Денсаулық|12 Қазан 2016, 15:27
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

АҒЗАЛАРДЫ АЛМАСТЫРУ ТЕГІН ЖАСАЛАДЫ

Қазақстанда ағзаларды алмастыру тегін жасалатын болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқапарат.
Бұндай қымбат операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін ақысыз болады.
Мамандардың айтуынша, қазір ағза трансплантациясына 3 мыңға жуық азамат зәру. Елімізде көбінесе бүйрек, бауыр және жүрек алмастыру операциясы сәтті жасалуда. Болашақта дәрігерлер ішек жолдарына да осындай операция жасауды қолға алмақ.
«Бауыр мен жүрекке жасалатын трансплантация шамамен 3 миллион теңге тұрады. Ал тиісті бағдарлама қабылданған соң ел азматтарына мұндай көмек тегін көрсетілетін болады», - дейді Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті қалалық департаментінің басшысы Тілеухан Әбілдаев.

kyzylorda-news.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер