BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зырян ауданындағы ет өңдеуші кәсіпорын дәстүрлі брендпен танымал

Зырян ауданының «Ахмедьянова» кәсіпорны көпшілікке қазы, шұжық, жая мен бұқтырылған ет сынды өнімдер жасаумен танымал. Тек дәстүрлі рецепт пен табиғи өнімнен жасалған өнімдерге сұраныс біртіндеп артып келеді – деп хабарлайды Baq.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Бірер жыл бұрын ет өңдейтін кәсіпорнын ашқан Лариса Ахмедьянова қазіргі таңда қазы, қарта, шұжық сынды 5 түрлі өнім әзірлейді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 3 млн теңге несие алған кәсіпкер азғана уақытта сапалы өнімдерімен жергілікті жерде бірден танылған. Айта кететіні ет өнімдерін жасау мен қоймада сақтау барысында тек дәстүрлі әдістерді қолданады.

Барлық өнімді тапсырыс бойынша әзірлейміз. Қазір бұқтырылған етімізге сұраныс жоғары. Себебі оның құрамында бұршақ, соя сынды жасанды қоспалар жоқ. Ал әзірлеген шұжықты түтінге қақтау үшін Тарханка ауылынан белгілі ағаштардың жапырағы мен үгінділерін алдырамыз, – деді кәсіпорын басшысы Лариса Ахмедьянова.

Аудан нарығын қамтыған кәсіпкердің өнімдерін Өскемен қаласында да көптеп тұтынады. Алдағы уақытта тағы бірнеше ет өнімінің түрін шығарып, халыққа ұсынуды жоспарлап отырғанын да жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер