BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Вице-министр: ШҚО-ның сүт өнімдерінің сапасы өзге елдердің өнімдерінен әлдеқайда жоғары

 Астана. 2 шілде. Baq.kz - ШҚО-ның сүт өнімдерінің сапасы өзге елдердің өнімдерінен әлдеқайда жоғары. Облысқа қосымша құн салығына субсидия бөлу ережесін түсіндіру жұмысымен келген Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық вице-министрі Ермек Көшербаев өнімдерге қатысты осындай пікірін білдірді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан ақпараттық орталығы.

  Облыс орталығына іс-сапары барысында Ермек Көшербаев сүт өңдеуші кәсіпорындарда болып, өндіріс ошақтарының өнім сапасына және заманауи құрал-жабдықтарына жоғары баға бере отырып, айран, биойогурт, ірімшік сынды өнімдердің дәмін татып көрді.
­– Бүгінгі күні өңдеуші және дайындаушы барлық айналымнан ҚҚС төлей отырып, ҚҚС төлемейтін түрлі шаруа қожалықтарынан шикізатты сатып алады. Бұның салдарынан өңдеушілерде және дайындаушыларда баға өскендіктен, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмендейді. Сондықтан, аталған субьектілерді ҚҚС төлеуден босату немесе ҚҚС бағасын түсіру жолы қарастырылған болатын, – деді Ермек Көшербаев.
Кәсіпорын жұмысымен танысу барысында вице-министр Шығыс Қазақстан облысының сауда орындарының өзге елдерде ашылу жолдары қарастырылып отырғандығын атап өтті.
Ендігі кезекте вице-министр Ермек Көшербаев Солтүстік Қазақстан облысына аттанып, дайындаушы кәсіпорын иелеріне және кәсіпкерлерге әзірлеуші ұйымдарға қосымша құн салығына субсидия бөліну ережесін түсіндірмек.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер