BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Украин премьері Қазақстанның Ан-74 көлік ұшағын сатып алғанын хабарлады

Қазақстан Украинадан Ан-74 ұшағын сатып алды. Бұл туралы Украина премьер-министрі Владимир Гройсман Фейсбукте жазды.

«Жаңа рыноктарды игеріп, экспорттық потенциалды дамыту жолында әрі қарай да жұмыс істеуді жоспарлап отырмыз», - деді үкімет басшысы. Харьков авиация зауытында жасалатын әуе кемесінің бағасы 15 миллион доллар болған. Ақша аударылып қойды, ұшақ Қазақстанға келесі жылы жеткізіледі.

Авиазауыттың бас директоры Александр Кривоконьнің сөзіне қарағанда Қазақстан осындай тағы төрт ұшаққа тапсырыс беруі мүмкін.

Ан-74 қандай ұшақ?

Бұл әуе кемесі Арктика және Антарктидада, қиыр солтүстіктің табиғат жағдайында және таулы аудандарда жүк тасу үшін шығарылған болатын. Шағын және орта қашықтыққа Цельсий бойынша -60 пен +45 градус аралығындағы климат жағдайында жүк, техника және адамдар тасуға арналған.

Жыл мен тәуліктің кез келген уақытында бетон, малтатас, мұз және қар төсенішті аэродомдарға қонып, ұша алады.

Ұшақ 7,5 тоннаға дейін жүкті 10 100 метр биікте 550-700 км/сағат аралығындағы крейсерлік жылдамдықпен алып жүре алады.

Informburo.kz хабарлауынша, Қазақстан бұл ұшақты Ұлттық ұлан үшін алмақ және оған тапсырысты 2015 жылы берген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер