BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тамыз айында тұрғын үйді сатып алу – сату мәмілелері 19%-ға өсті

Астана. 10 қыркүйек. Baq.kz - 2013 жылғы қаңтар – тамыздағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 118 344 құрады. Ал, жаздың соңғы айында бұл көрсеткіш 16 606 жеттіп, шілде айымен салыстырғанда 7,6%-ға аз екені белгілі болды. Осыған қарамаста, 2013 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үйді сатып алу - сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 19,0%-ға өскен. Тұрғын үйлердің өтімділігі жоғары аймақтардың қатарына Алматы, Ақмола, ШҚО, ОҚО, Қостанай, Қарағанды облыстары мен оңтүстік астананы жатқызуға болады. Ал, баспанаға сұраныс төмен облыс ретінде Қызылорда жарқын мысалға айналды. Тамыз айында бұл аймақта 343 пәтер өздерінің жаңа қожайынын тапқан, деп ҚР СА хабарлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер