BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытатын компаниялар анықталды

Фото: Spicy News

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік отандық инноваторлардың жобаларына қолдау көрсететін 3 бизнес-инкубаторды анықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсететін бизнес-инкубаторларды іріктеу байқау арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде тәуелсіз комиссия шешімімен «BeInTech», «Клуб молодых предпринимателей», «SmArt Point Almaty» компаниялары жеңіске жетті.

Енді Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік олармен 3 жылға келісімшарт жасап, қаржылық және әдістемелік көмек көрсетеді.

Сондай-ақ агенттік аталған компаниялардағы жобалардың шығыстарын 50%-ке дейін қаржыландырады.

Әрбір бизнес-инкубаторға жылына 35 млн теңгеден аспайтын қаржы құйылады. Қаржы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бөлінеді.

Сонымен қатар келесі жылы аталған 3 бизнес-инкубатордың резиденттері 50 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа ие болу мүмкіндігі бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еліміздегі инноваторларды қолдауға арналған байқау ұйымдастырылғанын хабарлағанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер