Samsung жаңа Galaxy Note8 смартфонын таныстырды - Бизнес|23 Тамыз 2017, 23:51
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Samsung жаңа Galaxy Note8 смартфонын таныстырды

Фото: Richard Drew/AP

Samsung корпорациясы жаңа Galaxy Note8 смартфонын таныстырды деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Смартфонның экраны 6,3 дюйм болады, «разрешениесі» - 1440x2960 мегапиксель, ұзындығы мен ені - 18,5:97

Құрылғының корпусы әйнек пен металдан жасалған.

Су мен шаңнан IP68 стандартымен қорғалған.

Аккумуляторы - 3300 мАч. USB Type-C интерфейсі арқылы қуатталады. Сонымен қатар жаңа құрылғы Gear 360 камерасына, Gear S3 смарт-сағатына, DeX док-стнасасына және Gear VR көзілдірігіне қосыла алады.

Жаңа Note8 сегіз ядролық Exynos 8895 процессорымен және алты гигабайт оператив жадымен жабдықталған.

Смартфонның негізгі ерекшелігі не?

Ол - 12 мегапиксельдік екі модульден қосарлы бас камерасы. Оны біреуі кеңбұрышты f1.7 апертурасы мен Dual Pixel автофокусировкасы, екіншісі f2.4 апертуралы телефотоға ие. Екі модульдің де оптикалық тұрақтандыру және фонды бұлдыратып портретке түсіру мүмкіндігі бар.

Комплектіде S Pen стилусы болады. Оны дисплей қосулы жағдайда да, өшірулі жағдайда да қолдана аласыз. Сонымен қатар жаңа смартфонда бөлінген экран режимінде екі қосымшаны қатар ашу мүмкіндігі бар.

Смартфон сары, қара және көк түсті болады.

Басылымның хабары бойынша, Samsung Ресейден алдын ала тапсырыстар қабылдауға жол ашқан, бағасы 69 990 рубль. Бұл елге қыркүйектің ортасында келе бастамақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер