BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО-да көкөніс өнімі 2 млн тоннаға артты

Астана. 24 ақпан. Baq.kz – Оңтүстік Қазақстанда облысында мақта егістігін қысқарту арқылы көкөніс өнімі 2 млн тоннаға артты. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов мәлімдеді. 

- Республикамызда Оңтүстік Қазақстан бүкіл елді көкөніс, жеміс-жидекпен қамтамасыз ететін өңір болуы қажет. Өйткені жазы ұзақ, ауа-райы қолайлы. Жаңа технологияларды енгізсе шығын да аз кетеді. Мысалы, мақта мен бидай егілетін жерлерге бақша дақылдарын егетін болсақ, жем-шөп дақылдарын егіп мал өнімдерін ұлғайтуға əрекет жасайтын болсақ, сонда біздің ауыл шаруашылығына жұмсаған əрбір қаржымыздың қайтарымы бірнеше есе мол болады. Біз мақта егістігін қысқарту арқылы, көкөніс егу мəселесін көтердік. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысында көкөніс өндіру 2 млн тоннаға артты. Жеміс-жидек мəселесі, оның бергі жағында тамшылатып суару сынды үнемді жаңа технологияларды ендіру төңірегінде жұмыс істелуде, - деді депутат.

Бұл жұмыстың барлығы мемелекеттік қолдау, субсидиялау, түсімі жоғары дақылдарға басымдық беру арқылы жасалып жатқандығына тоқталған Қ.Айтаханұлы:

- Мысалы бұрын жүгері егістігіне əрбір гектарына 3,8 мың теңге төленсе, қазір 20 000 теңге төленетін болып отыр. Сонда шаруалар көп төленетін дақылдарды егетін болады. Ал, жүгері бізге біріншіден астық, екіншіден малдың жемі үшін қажет. Сол сияқты көкөніс, жеміс-жидектер егілетін жерлерге субсидияны көбірек беру арқылы біз егін шаруашылығын əртараптандыру мəселесімен шұғылданып жатырмыз, - деп атып өтті. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер