BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО-да алты айда 90 миллиард теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді

 Астана. 21 шілде. Baq.kz – Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өнімінің көлемі алты айда 3,6 пайызға артып, 286,1 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында облыстың 2015 жылдың I-жартыжылдықтағы әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіштері бойынша БАҚ өкілдеріне берген брифингте облыстық эканомика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Абдуллаев мәлім етті.

 

 Индустрияландыру картасы аясында 65,8 млрд. теңгеге 36 жобаны іске асырып, 3200 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Есепті кезеңде 17,7 млрд. теңгеге 4 жоба іске қосылып, 1190 жұмыс орны ашылған. Ал, ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің көлемі 90,9 млрд. теңгені құраса, оның ішінде мал шаруашылығында – 78,8 млрд. тг, егін шаруашылығында - 11,9 млрд. тг. өнімі өндірілді.
Басқарма басшысының айтуынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 141,3 млрд. теңгені яғни нақты көлем индексі 91,9 пайызды құрап отыр. Ал, құрылыс жұмыстарының көлемі 65,2 млрд. теңгені құрап 8,4% артса, іске қосылған тұрғын үйлердің алаңы 179 мың шаршы метр.
Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің кірісі 95,7 млрд. теңге, ол өткен жылдың тиісті кезеңіне – 97,6 пайыз. Жергілікті бюджетке 46,3 млрд. теңге түсіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда –22,9% артты, – деді А.Абдуллаев.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер