BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұнай мен газ конденсаты артты

 Астана. 15 желтоқсан. Baq.kz – Биылғы 10 айда «ҚазМұнайГаз» тобы бойынша мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 18 млн. 599 мың тоннаны құрады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде таратылған баспасөз хабарламасында көрсетілген.
Хабарламада, сондай-ақ, табиғи газды өндіру көлемі 3 868 млн. текше метрді құрап, жыл жоспары бойынша 5 пайыздық өсімді көрсеткен.

 «Мұнайды магистральдік құбырлар арқылы тасымалдау көлемі 51 147 мың тоннаға жетіп, былтырғыкөрсеткіштен 3 пайызға азайған. Ал теңіз жолы арқылы тасымалдау көлемі биылғы есептік кезеңге дейін 8 084 мың тоннаны құрап,былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 9 пайызға артты», - делінген хабарламада.
Магистральдік газ құбырлары арқылы газды тасымалдау 86 663 млн. текше метрді құрады. Осының ішінде халықаралық транзит 65 485 млн. текше метр, Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз ету - 11 699 млн. текше метр және экспортқа шығару - 9 479 млн. текшеметрді құраған.
«2014 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығындағы мұнай өңдеу көлемі 12 393 мың тоннаны құрап, былтырғы көрсеткіштен 6 пайызға өсті», - делінген хабарламада.
2015 жылы күрделі салымдар 115 млрд. теңге (621 млн. АҚШ доллары) мөлшерінде жоспарланып отыр, бұл былтыр бекітілген бизнес-жоспарға сәйкес, 2015 жылға жоспарланған шығыннан 14 пайызға кем. Шығындарды қысқарту өндіріс көлеміне әсер етпейтін инвестицияларды азайту, инфрақұрылымдық жобаларға кететін шығындарды азайту, сондай-ақ жаңғырту бағдарламасының кейбір ұзақ мерзімді жобаларын жүзеге асыруды кейінге қалдыру есебінен жоспарланып отыр.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер