BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәскеуде қазақстандық өнімдер таныстырылды

Фото: Lada.kz

Мәскеу қаласында «Мәскеу сауда-өнеркәсіптік палатасы» одағының қолдауымен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған қазақстандық кәсіпкерлердің сауда-экономикалық миссиясы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бизнес-миссияға тамақ өнімдерін, электр-техникалық тауарларды, кәсіптік жуу және дезинфекциялау құралдарын өндіру саласының кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, тамақ өнімдері блогында кондитерлік өнімдерді, шұжық және ет деликатестерін, жылдам дайындалатын өнімдерді, табиғи бал, тосап пен компоттарды, қышқыл сүт өнімін өндірушілердің кең спектрі болды.

«ССП қазақстандық өндірушілер де, ресейлік әріптестер де пайдалана алатын қолдаудың үлкен бағдарламасын ұсынады. Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының деңгейі 2017 жылы 17,5 млрд доллар болды және бірлескен кәсіпорындар қарқынды өскен кезде де ынтымақтастық әлеуеті жалғаса береді», - деп атап өтті Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілі Дулат Омаров.

Ресми бөлік аяқталғаннан кейін қазақстандық және ресейлік кәсіпорындар В2В-сессиясы шеңберінде екіжақты келіссөздер өткізді. Мәскеулік ритейл-желілердің өкілдері Қазақстаннан келген әлеуетті әріптестердің өнімін көру және дәмін тату мүмкіндігіне ие болды. Бұл отандық тамақ өнімдерін өндірушілер үшін ресейлік ірі ритейлерлермен байланыс орнатудың зор мүмкіндігі болды.

Миссия қорытындысы бойынша қазақстандық және ресейлік компаниялар арасында ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер