BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мақта шаруашылығына қолдау көрсетілетін болды

Астана 27 тамыз. Baq.kz - Биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы шит мақта өсіретін қожалықтарды қарыжыландыруға 650 млн. теңге бөлінді. «Егінжай» несие бағдарламасы аясында қаржы көктемгі-дала және күзгі жиын-терім жұмыстарына бағытталуда. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
 

Үстіміздегі жылдың наурызында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мен «Ырыс» шағын несие ұйымы (Шымкент, ОҚО) арасында несиелеу туралы келісім шарт жасалынды. Қорға ШНҰ-нан 650,0 млн. теңгеге 1 133 қарыз алушының өтініші түсті. Бүгінгі таңда 488,5 млн. теңгеге 714 қожалық несие алған. Несие мақта өсірушілерге жылдық 8 пайызбен (жылдық тиімді үстемесі - 9,6%), 8 айға дейін беріледі. Сонымен қатар несиелеу мерзімі бойынша жарым-жартылай немесе толық қайтару мүмкіндіктері де қарастырылған.
Қазіргі таңда Қор тарапынан берілген несиелік қаржыға оңтүстікқазақстандық мақташылар 12,7 мың гектар жерге мақта екті. Мақтарал, Шардара, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласында жиын-терін жұмыстарына дайындық басталды.
Бүгінде «Егінжай» бағдарламасымен республика бойынша көктемгі-дала және күзгі жиын-терін жұмыстарына 1 млрд. теңгеге 319 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге несие берілді.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер