BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кейбіреулер бизнесті сауын сиыр деп қабылдайды – Шпекбаев

Фото: Агенттіктің баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Агенттік бизнеске қарсы келетін заң бұзушылықтарды болдырмауға кепіл болады. Бұл туралы бүгін ҚР СІМ жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша шетелдік дипломатиялық корпусқа арналған брифинг және «Protecting Business and Investments» Жобалық кеңсенің қызметін таныстыруды жоспарлау барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда қазіргі уақытта Мемлекет басшысы бекіткен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және Ұлт жоспары іске асырылуда. Биыл Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен СІМ бизнес пен инвестицияны қорғау жөнінде жоба бастады. Оның басты міндеті – Агенттікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге байланысты инвесторлар мен кәсіпкерлердің қызметінде бюрократиялық кедергілер мен жемқорлық шығындарды жою. Оның іске асыру механизмі инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылуын көздейді. Агенттік кәсіпкерлерді 100% қолдап, проблемаларын заңнама аясында шешеді», - деді ведомство басшысы.

Фото: агенттік

Айтуынша, еліміздің барлық аймағы бойынша Агенттік құны 6 трлн теңге болатын шетелдік және қазақстандық 600-ден астам жобаны сүйемелдейді.

Жобалардың 40% жуығы шетелге тиесілі. Олардың ішінде Әзербайжан, Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Иран, Дания, Қытай, Корея, Малайзия, Польша, Ресей, Сингапур, Словакия, Франция, Чехия, Жапония және т.б. елдер бар.

«Біздің тәжірибемізде Агенттікпен келісімге келу шенеуніктердің қатынасын өзгертті және бизнесмендердің қандай да бір жемқорлық тәуекелдерін жойылғаны анықталды. Агенттік – ел басшысы талап еткен жағдайларды мемлекеттік органдардың қадағалауына кепіл. Осылайша, біздің жобамыз мемлекеттік қызметшілердің жұмысына сервистік тәсілдемелерді енгізуге, әкімшілік қысымды жою және инвестициялық жоба іске асырылу барысында жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған», - деді төраға.

Фото: агенттік

Жоба іске асырылу кезеңінде 152 өтінім келіп, оның 129-ы кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. Қалғаны қарастырылып жатыр.

«Жаппай кәсіпкерлік пен инвестиция – тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейінің жоғары болатынына кепіл. Бұл – жаңа жұмыс орындары, ақпараттық технологиялар және т.б. Бүгінде бизнеске қысым көрсетілмеуі керек. Кейбіреулер бизнесті сауын сиыр деп қабылдайды. Ал ол ертең – кепілді жалақы, жеткілікті мөлшердегі зейнетақы, стипендия, заманауи дамыған инфрақұрылым. Біз тек бизнес пен инвесторларды қолдап, оларға көмектесіп қоймай, қорғаймыз да. Биснес пен инвестицияға қатысты қандай да бір заңсыз әрекет мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау саясатын іске асыруға кедергі деп қабылданады», - деп түйіндеді Шпекбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер