BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық шынылар Қытайға сатылады

Фото: steklofan.ru

Orda Glass Ltd шыны зауыты өнімдерінің 60% сыртқы нарыққа экспортталады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS порталына сілтеме жасап.

Дайын өнімнің 40% Қытайға, 20% ТМД елдеріне жеткізілмек, қалған 40% ішкі нарықты қамтамасыз етеді.

Аталған жобаның инвесторы King Charm Development limited (ҚХР), оның өндірістік үлесі 69,71%, 10 пайызы «Қазақстан инвестициялық қорына» және Stewart Engineers (АҚШ) 20,29%.үлеске ие.

Жобаны құны 36,7 млрд теңгеге бағалануда. Алдын ала болжам бойынша жылдық күші 197 мың тоннаны құрамақ.

Еске салсақ, Қызылорда облысындағы шыны зауытының құрылысы 2018 жылдың І жартыжылдығында аяқталу керек еді. Алайда сыбайлас жемқорлық ісіне байланысты құрылыс тоқтатылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер