BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық кәсіпкерлер Санкт-Петербургте өтетін сауда миссиясына қатысады

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық тауар өндірушілерді 2018 жылғы 13-14 қараша аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін сауда-экономикалық миссиясына қатысуға шақырады.

Сапар барысында Санкт-Петербургтегі Сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында әлеуетті сатып алушылар мен серіктестерді іздеуге, өңірлер арасындағы сауда байланыстарын дамытуға арналған іскерлік байланыстар биржасы өткізіледі.

Қазақстандық компаниялар азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын, электр-техникалық жабдықтарды, химиялық өнімдерді, фармацевтикалық препараттар мен жеңіл өнеркәсіп өнімдерін ұсынатын болады.

Іс-шара бағдарламасында сауда-экономикалық форумға қатысу, Санкт-Петербург пен Ленинград облысының бизнес-топтарымен іскерлік байланыстар өткізу, «Петерфуд-2018» Халықаралық азық-түлік көрмесі мен кәсіпорындарына бару көзделген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер