BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандық аккумуляторлар Африка нарығында сатылымға шықты

Осыдан тура бір ай бұрын Талдықорғанда шығарылатын аккумулятор батареяларының алғашқы партиясы алыстағы Африка құрлығына жіберілген еді. Тұтынушы тарап қазақстандық өнімнің сапасын жоғары бағалап отыр. Ендігі мақсат – Африка нарығына мықтап орнығу, деп жазады Хабар арнасының ресми сайты.

Қазақстандық аккумулятор батареялары бүгінде ТМД елдері мен Қытай және Ауғанстан мемлекеттеріне шығарылады. Өнімдер халықаралық стандарттардың талабына толық сай келеді.

Жыл өткен сайын кәсіпорынның өндірістік қуаты артып келеді. Өткен жылы 1,8 миллион дана аккумулятор шығарылса, биыл 3 миллион данаға жетеді деген болжам бар.

Жақсылық Сипағатов, аккумулятор зауытындағы сату бөлімінің жетекшісі

- Біз Африкаға алғашқыда 5 мың данадай аккумулятор жіберген едік. Тез сатылды. Енді одан да көбірек етіп жібермекшіміз. Осылайша алыс елмен байланысымызды нығайта түсеміз. Бұл екі жаққа да тиімді болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер