BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан экономикасында ШОБ үлесі 45% құрайды – сарапшы

Фото: ашық дереккөзден

Жүргізілген зерттеуге сәйкес, ел экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 45% құрайды. Бұл жөнінде «Бәсекеге қабілетті бизнес – бәсекеге қабілетті экономика» атты бизнес өкілдерімен кездесу барысында ҚР Стратегиялық бастамалар орталығының (CSI) жобалар жөніндегі директоры Бақытжан Сәркеев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі күні Астана қаласы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша көш бастап тұр. Алайда, бизнестің үлесі әлі де аз. Біз неге рубльдің құлдырауына, доллардың қымбаттауына тәуелді болу керекпіз? Неге біз сыртқы саясатқа бағыныштымыз? Мұның барлығы біздің экономикамыздың тұрақсыздығын көрсетеді. Экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 50% жеткен кезде ғана экономикамыз тұрақты болмақ. Ал қазіргі уақытта бүкіл ел бойынша бұл көрсеткіш небәрі 27% құрап отыр. Ал Астана қаласы бойынша экономикадағы ШОБ үлесі 45%», - деген стратегиялық бастамалар орталығының өкілі бұл көрсеткішті мейлінше арттыру қажеттілігін баса айтты.

Оның пікірінше, елордада өңдеуші өнеркәсіп саласында мейлінше көп ШОБ пайда болса, қала өзін-өзі толықтай дерлік қамтамасыз ететін болады.

«Егер, республика бойынша қарайтын болсақ, шағын орта бизнестің 23% құрылыс саласында, 20% сауда саласында жұмыс жасайды. Яғни, жартысына жуығы не құрылыспен, не саудамен айналысып жатыр. Небәрі 13,4% ғана өңдеуші өнеркәсіп саласында жұмыс жүргізіп жатыр. Бізге дәл осы өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта бизнес өкілдерінің санын арттыру қажет. Себебі, біз үнемі импортқа тәуелді бола алмаймыз», - деді CSI директоры.

Бақытжан Сәркеевтің мәліметі бойынша, республика бойынша экспортқа шығарылатын тауарлардың 90% мұнай мен металл болса, импортталатын тауарлардың 70% өңдеуші өнеркәсіп тауарлары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер