BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан Doing Business рейтингінде алты саты жоғарылады

Қазақстан Doing Business рейтингінде 41-орыннан 35-орынға көтеріліп, бірден алты саты жоғарылады, деп хабарлайды Baq.kz.

Doing Business көрсеткіші бойынша Қазақстан, Бруней, Кения, Беларусь, Индонезия, Сербия, Грузия, Пәкістан, БАӘ және Бахрейн 2015-2016 жылдары экономикасы едәуір ілгерілеген мемлекеттер қатарына енді. Биылғы рейтингте Жаңа Зеландия көш бастап, ондаған жылдар бойы тақтан түспеген Сингапурды екінші орынға ығыстырды. Сондай-ақ, үздік ондыққа Дания, Гонконг, Корея Республикасы, Норвегия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция және Македония елдері кірген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер