Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан-Словакия «Іскерлік кеңес» биснес-форумында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Бірімжан шетелдік инвесторларды тартудағы еліміздің басым тұстарына тоқталды.
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан-Словакия «Іскерлік кеңес» биснес-форумында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Бірімжан шетелдік инвесторларды тартудағы еліміздің басым тұстарына тоқталды.
«Қазақстанға инвестиция тарту кезінде біз елімізге ақша бөлудегі маңызды мына тұстарын атаймыз. Біріншіден, еліміз – өте ыңғайлы стратегиялық локацияда орналасқан. Мемлекет басшысы айтқандай, біз екі ірі мұхиттың Қытай мен Ресейдің аралығында орналасқанбыз. Бізге инвестор болғысы келетін ел Қытай мен Ресейдің, Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдерінде жоқ ныраққа кіре алады. Мұнда айта кететін жайт, Қазақстан тек 18 млн адамы бар нарық емес. Қазақстан – 500 млн тұтынушысы бар нарық. 180 млн – Еуразиялық ынтымақтастық ынтымақтастық аясындағы елдер және 50 млн Қазақстанның оңтүстігіндегі көршілес Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстан т.б. елдер, сонымен қатар шығысында Қытайдың батысындағы 300 млн адам. Міне, бұл – өте ауқымды нарық. Бізде тауарлар, қызметтер және адамдар кеден салығынсыз әрекет етіп, инвесторлар өз тауарын еркін сата алады», - деп бастады Марат Бірімжан.
Айтуынша, Қазақстан Қытай-Батыс Еуропа транзитінен мол табыс табады. Сонымен қатар, спикер кез келген шетелдік инвестор тауарын еліміз арқылы тез жеткізе алатынына тоқталды.
«Екіншіден, көлік инфрақұрылымдары. Қазақстан арқылы өтетін транзит арзан. Елдегі көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған «Нұрлы жол» ұлттық бағдарламасы аясында мемлекеттік және шетелдік инвестицияның көлемі - 6 трлн теңге, шамамен 18 млрд доллар. Бұл инфрақұрылым арқылы Шығыс Қытай мен Батыс Еуропа арасы жалғасады. 10 мың км жолдың 3 мың км Қазақстан жері арқылы өтеді деп есептеп көргенде де, Қазақстанның маңыздылығын айқын көрсетеді. Осы жол арқылы Қытайдан Еуропаға және керісінше тауар 10-12 күн жетеді, ал теңіз арқылы 45 күнде барады. Әрине, теңіз жолы арқылы арзан. Дегенмен мәселе – 10-12 күнде бірнеше көлемде тауар жеткізуге болатынында», - деді ол.
Сондай-ақ спикер Қазақстанның бизнес бастауға қолайлы елдердің рейтингіндегі позициясын да атап өтті.
«Бизнес енгізуге тоқталсақ, Қазақстан әлемдегі бизнеске қолайлы 190 елдің ішінде 28-орында тұр», - деп бөлісті Kazakh Invest өкілі.
Қазір елордада ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Словакия Премьер-министрі Петер Пеллегриннидің қатысуымен Қазақстан-Словкия «Іскерлік кеңес» биснес-форумы басталды. Форумға Қазақстан мен Словакия бизнес қауымдастығының 120-ға жуық өкілі қатысып жатыр.
Биснес-форумға келген словакиялық «Coloseo EAS» компаниясының бас директоры Ян Дженка Қазақстан нарығындағы жобалырымен бөлісті.
Форум аясында инвестиция тарту, көлік-транзит ІТ-технологиялар және инновациялар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен салалары бойынша екі ел арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.
Бизнес форумның қорытындысы бойынша инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімге қол қойылады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!