BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан – Словения бизнес форумында бірқатар келісімге қол қойылды

Фото: ашық дереккөзден

Аталған іскерлік форум аясында Астанада Қазақстан – Словения бизнес клубының офисі ашылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Форумға екі елдің іскерлік орталарының 60-тан астам өкілдері қатысты.

«Словенияның Еуропа орталығында орналасқан және Австрия, Италия, Мажарстан және Хорватия елдерімен шекаралас. Бұл Словенияның Солтүстік пен Оңтүстік, Батыс пен Шығыс арасында көпір іспеттес екенін білдіреді, ең маңыздысы — мұнда ашық теңізге жол ашық. Сондай-ақ, Словения ЭЫДҰ, ЕЭҚ секілді барлық аса маңызды дүниежүзілік ұйымдардың мүшесі», - деді Деян Штанцер.

Өз кезегінде, Kazakh Invest басқарушы директоры Эрик Якубаев, Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы айтып, словениялық бизнесмендерді республика өңірлеріндегі инвестициялық жобаларды қарастырып көруге шақырды.

Сонымен қатар, форум аясында Астанада Қазақстан–Словения бизнес клубының офисін ашу және тіркеу рәсімі өтті.

Айта кетейік, екі ел арасындағы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-қазан аралығында 97,2 млн долларды құрады, оның ішінде 25,2 млн доллар экспортқа тиесілі. Қазақстаннан Словенияға көбіне мақта, темір және болат, фенолокетон, электр жабдықтары және құрамдас бөліктер экспортталған.

Бүгінде екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия (ҮАК) жұмыс істейді. Соңғы ҮАК отырысы 2016 жылы 20–21 қазанда Любляна қаласында өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер