BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«ҚазАгро» пайыздық үстемені арзандату мәселесін іске асырып жатыр

 Астана. 10 желтоқсан. Baq.kz - «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша «ҚазАгро» лизинг пен қарыздар бойынша пайыздық үстемені арзандату бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Осы бағдарлама бойынша 5,7 млрд.теңге сомасына 8 335 өтінім қарастырылды, соның ішінде Ақмола облысы бойынша 380 млн.теңге сомасына 912 өтінім мақұлданды. Бұл туралы «ҚазАгро» Ұлттық холдингісінің Ақмола облысының әкімшіліктері мен агроқұрылымдарының қатысуымен өткен түсіндіру семинарында айтылды.

 «Инвестициялық субсидиялау бойынша бүгінгі күні 1 016 өтінім келіп түсті, соның ішінде 7,77 млрд.теңгеге 732 өтінім мақұлданды. Соның ішінде Ақмола облысы бойынша 420 млн.теңге жалпы сомасына 31 өтінім мақұлданған. Қаржылық сауықтыру бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгро» мәліметтері бойынша 312,9 млрд.теңге сомасына 292 өтінім мақұлданды, соның ішінде Ақмола облысы бойынша – 130,6 млрд.теңге сомасына 71 өтінім, бұл ең үлкен көрсеткіш» дейді «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Қайрат Айтуғанов .
Мал шаруашылығы бағытында семинар қатысушылары қазақ ақ басты тұқымды малды селекциялық асыл тұқымдық жұмысын жақсарту бойынша қабылданған шаралармен бөлісіп және бордақылаудың интенсивті технологияларын білді. Қазіргі уақытта өзінің агробизнесін жүргізуде «ҚазАгроның» көмегімен жаңа әдістерді қолданып жүрген шаруашылықтар әріптестерімен «KazMeat» ЖШС арқылы асыл тұқымды өндіруші бұқаларды иелену үшін қаржыландыруды тиімді пайдалану туралы, сонымен қатар Машино-технологиялық станциялар арқылы қараусыз қалған жерлерді игерудегі тәжірбиелерімен бөлісті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер