«Кәсіпкерліктің дамуын қашықтықтан қолдау» жобасы іске қосылды - Бизнес|20 Маусым 2017, 14:21
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Кәсіпкерліктің дамуын қашықтықтан қолдау» жобасы іске қосылды

«Даму» қоры «Кәсіпкерліктің дамуын қашықтықтан қолдау» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Даму» Қоры барлық кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарды немесе өз ісін дамытқысы келетін кәсіпкерлерді үй жағдайында, интернеттің көмегімен тегін кәсіпкерліктің курсынан өтуге шақырады.

«Кәсіпкерліктің дамуын қашықтықтан қолдау» атты жобасы бастауыш, әрі әрекет етуші кәсіпкерлердің білімін жоғарылатуға бағытталған.

Әдетте бизнес бір орнында тұрмайды, ол не бірден кеңейеді немесе болашақ өсімге жеткізетін үздік тәжірибелі қалыпта болады. Табысты бизнес жүргізу үшін кәсіпкер үнемі кәсіби түрде өзін дамытуы қажет. Алайда қазіргі заман адамдарының бос уақыттары тапшы болуда.

Осы мақсатта бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер үшін бүгінде айрықша мүмкіндік туып отыр — «Даму» Қорының «Кәсіпкерліктің дамуын қашықтықтан қолдау» жобасы аясында олар кез-келген уақытта қолжетімді ғаламтор желісін пайдалана отырып, тегін түрде өзінің білімін толықтыруға және оны жетік меңгеруіне болады.

Кәсіпкерлер бар болғаны http://edu.damu.kz/www/index.php сілтемесінен өтіп, сайтқа тіркелсе, өзіне қолайлы оқу курсын таңдай отырып,оқуды бастай алады.

Оқыту курсы барысында әрбір студентті оған белгіленген тәлімгері тексеріп, бақылау жүргізеді және оқушысының тапсырмаларын толық орындауын қадағалайды. Курс соңында қатысушыларға оқуды үздік бітіргені жөнінде электронды сертификат табысталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер