BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кәсіпкерлік кодексті дамыту халық пен инвесторларға бірдей тиімді – министр

Фото: Автор

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев ведомсвтоның Reed Smith компаниясымен бірлесіп өткізген «Кәсіпкерлік кодексінің ережесін одан әрі дамыту мәселесі» атты дөңгелек үстелде айтты.

«Бүгінгі іс-шараның өтіп жатқанына қуаныштымын. Дөңгелек үстелде өтте ауқымды және маңызды мәселелер талқыланып, өз шешімін табатын болады. Соның ішінде біз корпаративтік және шарттық құқық сондай-ақ шетел инвесторларының құқықтарын қорғаудағы өзекті мәселерді талқыладық. Саны бойынша осындай форматтағы жиналыс үшінші рет өткізіліп отыр. Нәтижесінде елімізге және шетелдік инвесторларға экономикалық пайдалы ортақ шешімге келіп жұмысымызды жалғастырудамыз», - дейді Әділет министрі Марат Бекетаев.

Шараға халықаралық сарапшылар, бизнес қауымдастығы және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - заң бойынша қызметте қолданылатын Кәсіпкерлік кодексінің жекелеген ережелерін одан әрі жетілдіру бойынша халықаралық сарапшылар әзірлеген тәсілдерді таныстыру және талқылау.

Шара барысында корпоративтік заңнаманы реформалау мен келісімшарттық құқық мәселелері де талқыланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер