Қарағанды облысы әлеуетті инвесторларға бос жатқан жерлерді пайдалануды ұсынады - Бизнес|05 Қыркүйек 2017, 15:04
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағанды облысы әлеуетті инвесторларға бос жатқан жерлерді пайдалануды ұсынады

Фото: Абзал Қалиев

Қарағанды облысы шетелдік инвесторларға бизнесін жүргізу үшін 100-ден аса бос жатқан жер телімін ұсынбақ. Бұл туралы Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы Татьяна Абылаева «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының павильонында өткен Қарағанды облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Инвесторлар үшін тек қана Қарағанды облысында 110 жер телімі, соның ішінде 4 жер телімі өндірістік қор құрылысына, 73-і сауда және ойын-сауық павильондарының құрылысына, ал 11-і жол бойында қызмет көрсетуге , демалыс орындары мен басқа да нысандардың құрылысына беріледі», - деді Татбяна Абылаева.

Оның айтуынша, мұндай ұсыныс арқылы Қарағанды облысы әлеуетті серіктестерге бизнесін еркін жүргізуге мүмкіндік беріп отыр. Татьяна Абылаева атап өткендей, болашағы зор жобалар өңірлік даму жобасында көрсетілген. Мұндай жобаларды өз кезегінде әлеуетті инвесторлар белсенді түрде қолданатын интернет-ресурстан, яғни businessmap.kz порталынан қарауға болады.

«Қарағанды облысына шағын және орта бизнес саласына әлеуетті инвесторларды тартуды көздейміз. Сол себепті картаға қосылуды ұсындық. Бос жатқан жер телімдерін картадан қарауға болады. Карта онлайн режимде жұмыс істейді. Қарағанды облысына «кіргісі» келген кез келген инвестор мұны қолдана алады. Картаның онлайн-режиміне қосылу арқылы әлеуетті инвестор бос жатқан аумақтың көлеміне қарай не тұрғызуға болатынын анықтайды», - деді Татьяна Абылаева.

Еске сала кетсек, Қарағанды облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру рәсіміне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмаз Айдаров, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Жиенбаев, Беларусьтің Қазақстандағы елшісі, бірқатар инвестор мен кәсіпорын иелері қатысты. Шара барысында қатысушылар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, шетел инвестицияларын тарту бойынша Қарағанды облысының қызметі, сондай-ақ инвестицияларды тарту үшін экономиканың тартымды секторлары туралы пікір алмасты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер