BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

IPhone 7 Plus бағасы рекордтық деңгейде арзандады

Ресейде iPhone 7 Plus бағасы қатты түсіп кетті. Бұл туралы бірнеше ресейлік БАҚ хабарлады. Кейбір дүкендерден бұл гаджеттi 53 мың 500 рубльге (шамамен 294 мың теңге) алуға болады.

Яғни, бүгінде Ресейде Apple-дің флагмандық смартфоны аз уақытта 30%-ға төмендеді. Аталған бағаға смартфонның 256 гигабайт ішкі жады, 3 гигабайттық жедел жады бар түрі сатылып жатыр. Бұл үлгінің судан және шаңнан қорғанысы бар екенін де айта кету керек.

Баға неліктен түсті десек, оған компанияның жаңа iPhone 8-ді шығаруға дайын отырғаны себеп. Сондықтан да диллерлар енді ескі болып саналатын үлгілерден тезірек құтылуға асығып жатыр.

Смартфонның арзандауы бір ай бұрын басталған. 2016 жылдың қыркүйегiнде 67 990 рубль болса, биылғы жылдың маусымында 32ГБ өз жады бар телефон 44 889 рубльге құлдырады.

Қазақстанда IPhone 7 Plus-тің дүкендердегi бағасы 334 900 теңгеден басталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер