BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміздегі инфрақұрылымдық жобаларға қытайлық және катарлық компаниялар 150 млн доллар бөледі

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев пен «CITIC Capital» Басқарушы директоры Фанглу Ванг $150 млн. дейінгі сомада бірлесіп инвестициялау туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бәйтерек» холдингінің еншіліс ұйымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «CITIC Capital» және «Kazakhstan Infrastructure Fund» арасындағы үш жақты келісім ҚХР мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцяннің Астана қаласына сапары шеңберінде жасалды.

Құжатта «Kazakhstan Infrastructure Fund»-мен бірлесе отырып, инвестициялар тетігі арқылы қазақстандық жобаларға «CITIC Capital Silk Road Fund» мен «Qatar Investment Authority» атынан инфрақұрылымдық инвестицияларды тарту көзделген.

«Келісім «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесетін және оны қытайлық тараптың «Ұлы жібек жолының экономикалық белбеуі» бастамасымен түйістіретін маңызды инфрақұрлымдық жобаларды қосымша қорлануын тартуға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев.

«Kazakhstan Infrastructure Fund» Қазақстан Республикасы аумағында инфрақұрылымдық жобаларды қаржылық қолдау мақсатында «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ құрған тікелей инвестициялар қоры болып табылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер