Елімізде әкімдердің штаттан тыс кеңесшілері болады - Бизнес|27 Сәуір 2017, 18:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елімізде әкімдердің штаттан тыс кеңесшілері болады

Облыс әкімдері, сондай-ақ Астана, Алматы шаһары басшыларының енді инвестиция мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілері болады. Бұл туралы «Kazakh invest» ұлттық компаниясы жобаларын таныстырған жиында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Бұл жаңашылдық елге шетелден инвестиция тартудың тиімді құралына айналуы тиіс. Қазір шетелдік кәсіпкерлермен байланыс орнатуға жауаптыларды біріктірген ақпараттық-бақылау жүйесі әзірленіп жатыр. Инвесторлар ұсынылатын мемлекеттік қызмет түрлерімен онлайн арқылы танысып, өздерінің проблемалары туралы да хабарлай алады. Ал ірі инвесторлармен келіссөздерді үкімет атынан «Kazakh invest» ұлттық компаниясы жүргізеді.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Алдымызда тек инвестиция тартып қана қоймай, оны сақтау міндеті тұр. Бұл бағытта жүйелі жоспарымыз бар. Жыл аяғына дейін дүниежүзілік банкпен бірлесіп инвестиция тартуға байланысты ұлттық стратегия құрамыз. Ол экономикамызды жандандыруға септігін тигізері сөзсіз.

Хабар 24


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер