BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Депутат кәсіпкерлерге ағылшын және қытай тілдерін үйренуге кеңес берді

Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін үйренуді жеңілдетеді. Бұл туралы ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Божко айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бізде жастардың барлығы 3 тілді оқиды. Біз орыстың мәдениетінен, білімінен, экономикасынан, кирилицадан айырылып қаламыз деген түсінік негізсіз. Бизнесмендер ағылшын, орыс, қытай тілдерін оқитын болады. Елімізде үш тілді оқу міндетті болса кириллица қалай жоғалып кетеді? Мысалы, сен балық аулауға барсаң, өзіңе қаймақ жағылған құлпынайды ойламай, балыққа ненің қажет екенін ойлауың қажет», - деді ол.

Сонымен қатар депутат латын әліпбиіне көшу қазақ тілін үйренуді жеңілдететінін жеткізді.

«Қазіргі таңда жастар ағылшын тілін белсенді түрде оқып жатыр. Ағылшын тілі – интеллектуальды қабілетіңді сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан латын әліпбиі де қазақ тілін үйренуге серпін беріп, оны үйрену жеңілдей түседі», - деп түйіндеді сөзін Владимир Божко.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер