BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Бизнесті құтқару қызметі» алматылық кәсіпкерге көмектесті

Алматы, BAQ.KZ. Кәсіпкерлердің сұрауы бойынша шағын және микро-бизнесті қолдау сервисі Алматы қаласында да іске қосылды.

«Атамекен» ҰКП-ның хабарлауынша, енді кәсіпкерлер 1432 нөміріне хабарласып, туындаған мәселе бойынша шағымдана алады. Онда кәсіпкерге тек кеңес беріп қана қоймайды, қажет болса мобильді топ жедел жетіп көмек көрсете алады.

Алматыдағы мобильді топ бүгін алғашқы көмегін көрсетті. Ойыншықтар сататын дүкеннің ие Азамат Әбдірахманов Алматы қаласы санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау басқарма қызметкерлерінің жоспарсыз тексеруіне шағымданған.

Кәсіпкер тексеруге келген мамандардан заңды құжатты талап еткен. Алайда мемлекеттік қызметкер заңды тексерісті растайтын құжатты көрсете алмаған. Қажетті жауабын ала алмаған қадағалаушылар жуық арада қайта келетінін ескертіп тайып тұрған.

Кәсіпкер құқығының бұзылу фактісін растау үшін және психологиялық әрі заңды көмек көрсету үшін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының заңгерлері сауда орнына шұғыл жеткен. «Kinderstore» дүкенінің өкілдеріне заңды түсіндіру жұмыстары мен «Qamqor» ұялы қосымшасы туралы ақпараттар берілді.

Кәсіпкерге қысым жасауды тоқтату мақсатында дүкен иесіне Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің жеке байланыс нөмірлері берілді.

«Бизнесті құтқару қызметі» жобасы «Атамекен» ҰКП-мен жүзеге асуда. Пилотты жоба алғаш рет Астанада іске қосылған. Мобильді топтың құрамына Ұлттық палатаның, прокуратураның, Жемқорлыққа қарсы орган, ІІД мен ТЖД-нің қызметкерлері кіреді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер