BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бизнеске кедергі келтірген шенеуніктер жауапкершілікке тартылмайды – «Атамекен» ҰКП

Фото: atameken.kz

Астанада өтіп жатқан Бизнесті қорғауға байланысты II форумда «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов бизнеске кедергі келтірген шенеуніктер өз қателіктері үшін жауапкершілікке тартылмайтынын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жауапкершілікті күшейту мәселесіне баса назар аударған жөн. Бизнеске кедергі келтірген шенеуніктер өз қателіктері үшін жауапкершілікке тартылмайды. Мәселен Ұлттық палата жүйесіне 21 мың өтінім түскен, оның ішінде 9 мыңы расталды. Прокуратура органдары 2016 жыл мен 2017 жылдың 9 айында экономика саласында 29 600 бұзушылықты анықтады. Қадағалау актілері бойынша 5 мың заңсыз акт алынып тасталды. 2016 жылдың өзінде кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке 1 азамат, әкімшілік жауапкершілікке 15, тәртіптік жауапкершілікке 17 азамат тартылған. 2017 жылдың 9 айында кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке - 5 азамат, әкімшілік жауапкершілікке – 20, тәртіптік жауапкершілікке – 6 тартылды. Көрсеткіштерде айырмашылық бар», - деді Рустам Жүрсінов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер