BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада ресейлік fashion-өнеркәсіп саласының іскерлік миссиясы өтті

Астанада Ресейдің Fashion-өнеркәсіп саласының беделді өндірістерінің «Russian Fashion brands» презентациялық көрмесі өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Көрсетілімде қырыққа жуық Ресейлік сән саласында қызмет көрсетіп жатырған өндірістер өздерінің сән үрдістері мен киім жинақтарын жұртшылыққа таныстырды. Жеке топтамамен қазіргі заман талабына сәйкес денсаулыққа зиянды өндірісте киілетін әдейі киім мен аяқ киім үлгілері көрсетілді.

«Шараның негізгі мақсаты ол қазіргі Ресейдің жеңіл өнеркәсіп саласының кіші және орта бизнеске арналған мүмкіншіліктерін көрсету. Қазақстандық байерлер мен көтерме сатып алушылар Ресейлік өндірушілердің ұсынған ассортименттік кеңшілігі мен сапасына жоғарғы баға беріп, Қазақстан нарығына керекті тауарларды жеткізу мақсатында тікелей жеткізушілермен іскерлік байланыстар орнатуға ниет білдірді»,- дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, іскерлік миссия аясында Қазақстандық өндірушілер Ресейлік мамандармен және әріптестерімен пікір мен тәжірибе алмастыру арқылы тауарлардың кең жайылу мәселелерін талқылады.

Ресей мен Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп мамандарының сән көрсетілімдері мен дефиле және екі жақты кездесулері қос елдің сауда қатынастарын айтарлықтай кеңейтуге себепші болады. Осындай шаралар болашақта тұтыну нарығын одан әрі дамыту мүмкіншіліктерін көрсетіп, Қазақстан мен Ресейдің кіші және орта бизнесінің кәсіпкерлік белсенділігін арттырады.

Russian Fashion brands шарасына қатысушылардың пікірлерінше осындай кездесулер іскерліктің тамаша алаңы болып, болашақта жоғары нәтижелі ынтымақтастық арқылы жеңіл өнеркәсіп саласында, ортақтасқан жобаларды іске асыру арқылы (барлық кластерлік тізбені), ЕАЭО мемлекеттерінің ішкі және сыртқы нарыққа шығуына жол ашатынына сенімді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер