Польшалық кәсіпкерлер Астанада 25 млн еуроға жылыжай салмақ - Бизнес|06 Қыркүйек 2017, 11:21
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Польшалық кәсіпкерлер Астанада 25 млн еуроға жылыжай салмақ

Фото: автор

Биыл елорда маңында аумағы 28 гектарды құрайтын жылыжай салынады. Онда қызанақ, қияр және көкөністер өсіріледі. Жобаның құны – 25 млн еуро. Қаржы Польша тарапынан бөлінеді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан бизнес форумның кулуарында Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті Тадеуш Намедынски айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Астана маңында аумағы 28 га құрайтын жылыжай салынады. Онда қызынақ, қияр және көкеністер өсіріледі. Жобаның құны – 25 млн еуро. Барлық қаржы Польша тарапынан бөлінеді. Түскен қаржыны қазақстандық фирма да алады. Олардың жобада өз үлесі бар. 28 га жер 280 шаршы метрді құрайды. Әрбір шаршы метрден 60 келі көкөніс алынбақ. Жобаны жүзеге асыру жөнінде тараптар арасында келісімге қол қойылды. Биыл тиісті жұмыстарды бастаймыз. Барлық процедура қазан айында бітсе жақсы болар еді», - деді ол.

Осы орайда Тадеуш Намедынски елорда маңында салынатын жылыжай тек экологиялық таза көкеністер өсіретінін жеткізді.

«Біздің жылыжайымызда ара болады. Ал аралар тек таза экологиялық аумақта ұшады. Біз еңбектеніп, қолымыздан не келетінін көрсеткіміз келеді. Қазақстанда жұмыс істеу ыңғайлы», - деп түйіндеді сөзін Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасының вице-президенті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер