BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда отандық және малайзиялық кәсіпкерлер бас қосады

Алматы қаласында 30 қазанда Қазақстан – Малайзия іскерлік кеңесі өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы Қазақстан – Малайзия іскерлік кеңесінің инаугурациялық отырысына қатысуға шақырады, отырыс шеңберінде екі елдің мемлекеттік және іскерлік топтарының қатысуымен бизнес-форум өтеді.

Іс-шараның басты мақсаты – қатысушыларды Қазақстан Республикасы мен Малайзия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ әлеуетті бірлескен жобаларды талқылау, бизнес әріптестерді іздеу және елдер арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыру үшін алаңдар ұсыну.

Бизнес-форум шеңберінде В2В кездесулер өткізу, өзара түсіністік туралы бірқатар меморандумдарға және ынтымақтастық туралы шарттарға қол қою жоспарланып отыр.

Іскерлік кеңес жұмысына Қазақстан мен Малайзияның ресми тұлғалары, екі елдің ұлттық компанияларының, экономиканың түрлі секторларындағы ірі бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.

Бизнес-форумға қатысу мәселелері бойынша Мирасбек Ізімбайұлына: + 7-701-577-76-09, e-mail: ppsca@bk.ru не болмаса Карина Омароваға хабарласуды сұраймыз: + 7 (7172) 279 054 (ішкі 222), e-mail: omarova.icc@gmail.com.

Бизнес-форумға тіркелу мына жерде қолжетімді.

Іс-шара өтетін күні және орны: 2018 жылғы 30 қазан, Алматы қ., «Royal Tulip Almaty» отелі. Басталуы: 09.00.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: «MATRADE» Малайзияның сыртқы сауданы дамыту корпорациясының қолдауымен Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесі, «Атамекен» ҚР ҰКП және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер