BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда бизнесті көлеңкеден шығару жүріп жатыр – Бағдат Телебай

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда сауда саласын көлеңкеден шығару бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Бағдат Телебай БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты.

Мекеме директоры қазір қаладағы 57 базардың 16-сы жаңғыртылғанын және 2018 жылдың шілде айында проблемалық мәселелерді анықтау үшін қала базарларына паспорттау жүргізгенін айтып өтті.

«Негізгі проблема бұл базарларды қазіргі заманғы форматқа өткізудегі базар меншік иелерінің қаражаты жеткіліксіздігі болып отыр. Біз «Жібек Жолы» өңірлік бағдарламасы аясында мақсатты қаржыландыру мүмкіндігі туралы мәселе көтердік. Яғни, базарларды жаңғырту үшін жеңілдігі бар несие беруді сұрадық», -дейді ол.

Сонымен қатар ол, соңғы жылдары мемлекеттің саясаты бизнесті көлеңкеден шығаруға бағытталғанын және «Атамекен» ҰКП бұдан тысқары қалмағандығын жеткізді.

«Біздің мамандар қаладағы базарларда кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Базарда сауда жасаушы адам бизнеске қажетті барлық кеңесті ұзаққа бармай-ақ ала алады», -дейді Б.Телебай.

Сөз арасында ол Елбасы биылғы Жолдауында өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын дамытуға 500 млрд теңге және экономиканың осы секторының жобаларын несиелендіретін банктерге 600 млрд теңге бөлетіндігін айта келе, бұл ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті өнім шығара алатын өндірушілер үшін қуатты серпін беретінін жеткізді.

«Қазақстандық шикізаттық емес компаниялардың қызметі елдің тұрақты экономикалық дамуының маңызды элементі саналады, сондықтан біздің іс-әрекеттеріміз экономиканың осы секторы кәсіпорындарының бастамаларын қолдауға және дамытуға бағытталуы тиіс. Қазір Үкімет, «Атамекен», жергілікті атқарушы органдар, банктер елдің өңдеуші саласын дамытудың тиімді тетіктерін талқылауда. Бұл Алматы үшін уақыт талабы – нақты азық-түлік белдеуін салу, нарықты отандық өніммен, көтерме-тарату орталықтарының, қазіргі заманғы қоймалардың желісімен толтыру деп есептейміз. Екіншіден, халықтың жыл сайынғы үлкен өсімін ескере отырып, тоқыма саласын және жалпы жеңіл өнеркәсіпті дамыту»,-дейді ол.

Кәсіпкерлер Палатасының директоры алдағы уақытта Алматы қаласында скрининг өткізуді жоспарлап отырғандарын айтып өтті.

«Ол кәсіпкерлікті дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауға және нақты мамандандырумен, Өңірлік даму картасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Скрининг нәтижесінде зерттеу тобы аймақта бизнес-жобаларды құру үшін қосымша мүмкіндіктерді қарастырып, түйіткілді сәттерді дөп басады», -дейді ол.

Оның айтуынша, скринингтің көмегімен жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың нақты санын анықтауға және жалпы еңбек әлеуетін бағалауға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер