Алматыда іскерлік менталитет жақсы қалыптасқан – Дүниежүзілік банк өкілі - Бизнес|29 Қараша 2018, 15:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алматыда іскерлік менталитет жақсы қалыптасқан – Дүниежүзілік банк өкілі

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы Еуропа мен Қытайды жалғап тұрған экономика хабы десек те болады, бұл оның басты артықшылығы. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша IFC аймақтық басшысы Кассандра Колберт «Almaty Invest» халықаралық форумында айтты.

Форум барысында К. Колберт Дүниежүзілік банк Қазақстанның ұлттық экономикасы бойынша зерттеу жүргізгендігін және оған елдің бірнеше облыстары кіргендігін атап өтті.

«Атап айтар болсақ, Ақтөбе, Алматы және Алматы облысы, Түркістан, Қостанай, Павлодар облыстары зерттеуге кірді. Әрине бұлардың ішінде Алматы қаласы әлеуеті жағынан бірінші орынды иеленді. Елдің өзге аймақтарымен салыстырғанда мұнда бизнес жүргізу ыңғайлы. Түрлі рұқсаттарды алу бойынша мұнда бір терезе қағидаты қалыптасқан. Бұл дегеніңіз Алматыда бизнес жүргізуге көп мүмкіндіктер жасалғанын көрсетеді, ондай мүмкіндікті Қазақстанның өзге жерінен таба алмайсыз», - дейді ол.

Сонымен қатар ол жаңа инновациялардың да алдымен Алматыда енгізілетіндігі және ол оның тағы бір артықшылығы екендігін айтып өтті.

«Алматы технопаркінде жас мамандардың идеялары іске асырылып, коммерциялық шешімдер жасауда өз ықпалын тигізуде. Алматыны Селиконды алқап немесе Кремний алқабы дер едім», - дейді Дүниежүзілік банктің өкілі.

Сонымен қатар ол, Алматыда тұрып жатқанына төрт айдай уақыт болғанын және қаланың инвесторларды қызықтыратын тұсына тоқталып өтті.

«Бұл қала еркін экономикалық аймақта орналасқан және инфрақұрылымы жақсы дамыған. Іскерлік менталитет те жақсы қалыптасқан. Сондай-ақ жағрафиялық орналасуы да жақсы, өйткені Еуропа мен Қытай арасында орналасқан», - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер