BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбелік кәсіпкерлер бизнесті шебер жүргізуді үйренеді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік қызметті жандандыру мақсатында «Бизнесті нөлден бастап ауқымды өсіру стратегиясы» бойынша конференция өтеді.

"Конференцияда ақтөбелік кәсіпкерлерге бизнесте қызмет аясын таңдауды, компанияның бизнес үлгісін жасауды, клиенттерді жинауды, сонымен қатар, бизнесті нөлден бастап маркетингтен филиалға дейін жеткізу жөнінде әдістемелер ұсынылатын болады", - деді Анар Даржанова.

Сондай-ақ конференцияда «Қазіргі заманғы кәсіпкерлік трендтер» барысында қатысушылар жаңа технологиялар мен әдістерді пайдалана отырып бизнесті жүргізу және оны дамыту бойынша оқып, үйрене алады.

Конференцияның спикерлері ретінде халықаралық консалтингтік агенттіктердің жетекшілері және Украина, Өзбекстан, Польша мен Қазақстанда бизнесті коммерцияландыру сарапшылары жүргізетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер