BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Ақсай нан» өнімдері 1 теңге мен 5 теңге аралығында қымбаттады

Астана. 21 шілде. Baq kz- Алматыдағы ең ірі нан өнімдерін шығаратын зауыт өз тауарының бағасына ырық берді. «Ақсай нан» компаниясы тамақ өнімдерін 1 теңге мен 5 теңге аралығында қымбаттатты, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Кәсіпорын өкілдері әлеуметтік нан, яғни күнделікті халық тұтынатын бөлкеге бағаның көтерілмегенін айтып отыр. Тек тоқаш, круассан, батон сынды өнімдерге тарифтің артқанын растады.

Тағам өндіруші компания баға саясатындағы өзгерісті инфляцияның артуымен және коммуналдық төлемдердің қымбаттауымен байланыстырады. Осы жылдың басында газ, су және электр жарығына тариф көтерілген болатын. Алайда, тұтынушылар құқығын қорғайтын бірлестіктер бағаның аяқ астынан көтерілуін негізсіз дейді. Себебі, қалада халықтың ең көп тұтанынатын азық-түліктер онсыз да қымбат.

«Бағаның өсуіне, әрине, олар ылғи жанармайдың, жарықтың, судық қымбаттауын сылтау етеді. Ондай болса, оны құжат жүзінде көрсетіп, елге түсіндірсін. Дәлелдей алмаса, баға өз қалпына келуі керек. Көбі ойлайды, 5 теңге деген не деп. Көптеген отбасы, көп балалары сол анамен ғана өмір сүреді. Олар үшін 5 теңге де ақша»,-дейді «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау бірлестігінің төрайымы Артық Сейітқалиева.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер