BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

6 трлн теңгеге жуық инвестициялық жобалар жемқорлықтан қорғалады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. "Protecting business and investments" Жобалық кеңсесінің басшысы Гүлмира Кабиева бүгінгі таңда 5,9 трлн теңге сомасындағы инвестициялық жобалар сыбайлас жемқорлықтан қорғалатынын айтты.

"Бүгінгі күні республика бойынша жалпы 5,9 трлн теңге сомасындағы инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 162 келісімге қол қойылды. Осы бағытта едәуір белсенділікті Алматы қаласы, Ақтөбе, Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан жəне Қызылорда облыстары көрсетті. Фронт-кеңселердің шетелдік инвесторлармен келісім жасау бойынша жұмыстарына оң баға беруге болады", - деді Кабиева.

Маманның айтуынша, бекітілген 162 келісімнің 50 пайыздан астамы - шетелдік үлесі бар жобалар.

"Осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиімді шаралардың бірі - инвесторлармен жəне кәсіпкерлік субъектілермен кері байланысты күшейту. Аймақтық фронт-кеңселерге ашылған күннен бастап 153 өтініш келіп түскен. Олардың 128-іне, яғни 84 пайызына көмек көрсетілді", - деді Гүлмира Кабиева.

Атап өтсек, Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен жиында бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу мəселесі талқыланды. Сондай-ақ, осы салада БАҚ-та жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы сөз болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер