BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

150 мың тонна фосфорит өндірілді

ТАРАЗ. 30 тамыз. Baq.kz - Конституция күні қарсаңында Жамбыл облысының кеншілері 150 мың тонна фосфорит кенін өндірді.

Өткен 2012 жылдың қорытындысы бойынша, Жамбыл облысында жер асты тәсілімен өндірілген жалпы фосфорит кені 256 мың тоннаны құрады, осы жылдың жеті айында - 150 мың тоннадан астам кен өндірілді, деп хабарлады «Қазфосфат» ЖШС-нің дирекциясында.

Аймақтағы фосфорит кенін негізгі жеткізушілер Қаратау фосфорит бассейні базасында құрылған «Шолақтау» ТКК «Қазфосфат» ЖШС филиалы болып табылады. Оның құрылымына «Шолақтау» жер асты кеніші және тау-өңдеуші, автокөліктік, энергетикалық, жөндеу-механикалық және басқа да бірқатар цехтар енеді.

«Қазфосфат» ЖШС-нің бас директоры Мұқаш Ескендіров атап айтқандай, «Шолақтау» ТКК Қазақстан және Орталық Азиядағы фосфор өнеркәсібі, сары фосфор және минералдық тыңайтқыштар өндірісі үшін шикізат жеткізушілердің бірі болып табылады.

Жамбыл облысының қала құраушы компаниясы «Қазфосфат» ЖШС-і бүгінгі таңда химия өнімінің 20 түрін өндіретін негізгі қазақстандық өнеркәсіп болып табылады. Компанияда алты мың адам жұмыс істейді. Әлемнің 30 еліне өз өнімін шығаратын «Қазфосфат» кәсіпорны кен өндіру және өңдеуден бастап техникалық фосфат және минералдық тыңайтқыштар өндіруге, сондай-ақ, оларды тұтынушыға жеткізуге дейін қосылған құнның тұтас тізбегін құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер