BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жүректің қартаюын тежейтін әдіс табылды

Техас университеті ғалымдары аптасына 4-5 рет физикалық жаттығулар жасау жүректің қартаюына кедергі бола алатынын анықтады. Зерттеу нәтижесі туралы мақала The Journal of Physiology журналына жарияланған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Зерттеуге жасы 60-тан асқан 102 адам қатысқан. Оларды физикалық белсенділігіне қарай төрт топқа бөлген. Бірінші топқа аз қимылдайтындар, екінші топқа жаттығуды ара-тұра жасайтындар, ал үшінші және төртінші топқа аптасына кемінде 30 минут, тиісінше 4-5 және 6-7 реттен физикалық жаттығумен айналысатын еріктілер кірді.

Зерттеу жаттығуды аптасына 2-3 рет жасау нәтижесінде мойын мен бас тканін оттегімен қамтамасыз ететін орташа көлемді, жас қан тамырлары пайда болатынын анықтады. Бұдан да белсенді өмір салты кеуде мен қарында жаңағыдан үлкенірек артериялар түзілуіне әкелетін болып шықты.

Ғалымдардың айтуынша, зерттеу қорытындысы негізінде жүрек және жүрек-қан тамырлары жүйесін жасартуға көмектесетін жаттығулар кешенін жасауға болады. Сонымен қатар 70 жастан кейінгі физикалық белсенділік қан тамырларының қартаюын тоқтата алмайтыны анықталды. Алайда, орта жастағы адамдар физикалық жаттығулар арқылы денсаулықтарын айтарлықтай жақсартып, ерте өлімнің алдын ала алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер