Жылдың үздік ұстазына 4,5 млн теңгеден берді - Білім & ғылым|17 Ақпан 2017, 20:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жылдың үздік ұстазына 4,5 млн теңгеден берді

Фото: Кенжетай Ақсейітов

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтің қатысуымен 2016 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздің 58 жоғары оқу орнынан «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының 200 иегеріне салтанатты түрде куәліктер мен төс белгілер табысталды.

«Алдағы уақытта атақ бір адамға келесі он жыл ішінде бір реттен артық берілмейтін болады. Нәтижесінде республикалық конкурстық комиссия шешімімен бұл атаққа 72 ғылым докторы, 102 ғылым кандидаты, 18 PhD докторы, 2 магистр, 6 аға оқытушы ие болды» - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

2016 жылғы атақ иегерлерінің орташа жасы 50-ді құрайды. Атақ иегерлерінің 35%-ның ғылыми-педагогикалық өтілі 15 жылдан аспайтын оқытушыларды құрады. Бұл жас оқытушыларды кеңінен тартуға мүмкіндік берді.

«Мен Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысымен. Бүгінгі 200 ұстаздың қатарында болғаныма қуаныштымын. Бұл біздің еңбегімізді, қызмет атқарған жылдарымызды бағалаған жетістік болды. Байқау арқылы бақ сынап, бүгін жеңімпаз болып отырмын» - дейді грант иегерлерінің бірі Гүлмира Бекманова.

Сондай-ақ, алғаш рет жұмыстың жылдық жоба-кестесі бағаланды. Жұмыстың жоба-кестесіне сәйкес атақ иегерлері грант есебінен әлемнің үздік университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілікті арттыру мақсатында тәжірибеден өте алады. Сонымен бірге, жеңімпаздарға 4,5 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі.

«2016 жылы конкурс жаңартылған талаптарға сай өткізілді, оқытушылардың соңғы 5 жылдағы қызметі бағаланды. Соның ішінде, оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу және басып шығару; біліктілікті арттырудың шет тіліндегі онлайн курстарының, шет тілін меңгеру сертификатының бар болуы және т.б» - дейді ұйымдастырушылар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер